Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ САРАПҚА САЛЫНДЫ

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ САРАПҚА САЛЫНДЫ

Түркістан қаласында тұрғындар арасындағы салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында «Спорттық қала — дені сау тұрғындар» тақырыбында қала әкімі кубогы сарапқа салынды, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі.
14 ақпан күні басталған додада алғаш болып жас жеткіншек қыздар баскетболдан жарысқа түсті. Облыстың әр аудан, қалаларынан барлығы 15 команда, 180-нен астам азамат қатысты. Бәйге нәтижесінде I орын — «Түркістан» командасының, II орын — «Түлкібас БЖСМ №2» командасының, ал III орын — «Сайрам» командасының еншісіне түсіп, жеңімпаз атанды. Облыстық «Дене шынықтыру және спорт басқармасының» басшысы Қанат Жолдығараев бүгін сайыстың соңғы күнінде дараланып шыққандарды марапаттады. Аталған облыстық чемпионатта үздік деп танылған ойыншылар іріктеліп, алдағы уақытта республикалық сайыстарға қатысуы жоспарланып жатыр.
Айта кетейік, кубок баскетбол, волейбол, футбол, кіші футбол, теннис, жүзу, стритбол сынды 7 спорт түрінен, карантиндік талаптарға сәйкес көрермендерсіз өтуде. Сонымен қатар, қала тұрғындары өз командаларын жасақтап, сайысқа қатыса алады.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу