Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » СУ АРНАЛАРЫ САЛЫНУДА

СУ АРНАЛАРЫ САЛЫНУДА

Түркістан қаласының көшелерінде ағын су арналары салынуда. Шаhар басшысы Рашид Аюпов қаладағы біршама көшені аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады.
Атап айтқанда, М. Әбенова, Тоған, Алшын көшелері мен Б. Саттарханов даңғылы бойындағы қызу жүріп жатқан істер барысын көрді. Түркістан қаласындағы бірегей жоба «Керуен сарай» кешені аумағы жасыл желекті, велосипедпен серуен құрып және жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болуы үшін жарықшамдармен, орындықтар, қоқыс жәшігі, сондай-ақ, көгал, су арнасы, тасжол төселу арқылы жаңарған көшеге айналмақ.
Рашид Абатұлы жобаны іске асырып жатқан «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» басшылығына жұмысты ширатып наурыз айының ортасына дейін аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, жұмысты сапалы орындау қажеттігін айтып, жиі тексеріп тұратынын да жеткізді.
Ал, Б. Саттарханов даңғылы бойындағы «Желілік саябақтың» үшінші кезеңінің жұмысы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта субұрқақтарға арналған орындар бойынша құрылысын бастау үшін жерді ретке келтіру жұмыстары жүзеге асуда. Ұзындығы 15 гектарды құрайтын аумаққа 190 жұмысшы мен 80 техника жұмылдырылған.

Пікір жазу