Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » БІРЕГЕЙ НЫСАН — ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ

БІРЕГЕЙ НЫСАН — ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ

Кез келген мемлекеттің келелі келешегі — ұрпағының білімі мен бойына сіңірген рухани болмысына байланысты.
Осы мақсатта, облыс орталығында құрылысы аяқталған бірегей нысанның бірі — Оқушылар сарайы. «Самұрық-Қазына ұлттық әл ауқат қорының» қолдауымен қабырғасы қаланған ғимарат — 12 мың шаршы метр аумақты құрайды. Заман талабына сай жабдықталған білім ордасында жас жеткіншектердің шығармашылық қабілетін дамытуға барлық мүмкіндіктер жасалған. Оқытушылар құрамы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан келген өз саласының шебер мамандары, елімізге танымал өнер адамдарымен жасақталған. Сарай сыйымдылығында 1000-нан аса оқушы білім алады.
Жұмысын бастаған мекемеде ендігі Технопарк, «Sana» IT орталығы, Өнер орталығы (кескіндеме, қолөнер, зергерлік өнер, мүсін және керамика, былғары жұмыстары, суретші), Тіл үйрету орталығы (5 шет тілі), Ғылым, Шығармашылық орталығы (вокал, актерлік өнер, сатира өнері, би, дәстүрлі ән, аспаптарда орындау), шахмат, балалар тележурналистикасы, анимация, фото-бейне түсірілімдерді монтаждау барлығы 60-қа жуық үйірме жұмыс жасамақ.
Оқушылар сарайында білім алу тұл және жартылай жетім, арнайы қажеттілігі бар балаларға тегін. Сонымен қатар, көпбалалы отбасы балаларына, тұрмысы төмен және мемлекеттен әлеуметтік көмек алатын отбасының балаларына 50% жеңілдік қарастырылған.
DIDARBEK.KZ

Пікір жазу