Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » 2020 ЖЫЛЫ 126 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ

2020 ЖЫЛЫ 126 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ

Түркістан қаласының қауіпсіз болуына шаhардың түнгі уақытында жарық болуы, әрі жолдардың сапалы да тегіс болуы әсер ететіндігі белгілі. Осы тұрғыда 2020 жылы қаламызды жарықтандыру мен автокөлік жолдарын күрделі жөндеуден өткізу бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен қала ішінде 7,8 шақырымға күрделі жөндеу жүргізіліп, 181 шақырымды құрайтын 126 көше жарықтандырылды. Мұнымен қоса, орташа жөндеу жұмыстары (асфальт төсеу) 106,1 шақырымға, яғни 81 көшеге жүргізіліп, аяқ жолдар салынды.
Жоғарыда атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, қаладағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автокөлік жолдарының үлесі 23,7 пайыздан, 35,6 пайыз көрсеткішіне жетті. Яғни, 2019 жылмен салыстырғанда жақсы және қанғаттанарлық жағдайдағы автокөлік жолдарының үлесі 2020 жылы 11,9 пайызға өскен.
Ағымдағы жылы қаланың инфрақұрылым жүйесі (ауыз су, газ, сарқынды су) толық аяқталған 21 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар, алдағы жылдары қаланың барлық негізгі көшелерін жарықтандыру жүйесімен қамту көзделуде.
Шаhардың бас жоспарына сәйкес, асфальт төселмеген көшелерге сарқынды су мен газ құбырларын тарту, шағал тас төсеу, жаяу жүргіншілер жолын салу да жоспарланған. Соның негізінде топырақ көшелер үлесі азаяды. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Осылайша, кезең-кезеңімен ретке келтіру жұмыстары қолға алынып, келешекте қаланы толық асфальт жолдармен қамтамасыз ету жоспарланған.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу