Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САРБАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

САРБАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына – 32 жыл. Қазақта «Өткенін ескермеген өшеді, өткенін қастерлеген өседі» деген қанатты сөз бар. Тарих — өшпес аманат. Ауған жерінен кеткеніне ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, бұл соғыс майданегерлердің мәңгілік жан-жарасына айналды. Жалындап тұрған жас шағында мыңдаған азаматтар жат елде жан тапсырып, майданнан түрлі жарақатпен оралды.
Ауған жерінде жауынгерлік міндетін абыроймен атқарған ардагерлер бүгінгі таңда ауданымыздың әртүрлі саласында еңбек атқарып жүр. Марат Мырзахметов, Базарбаев Ерғали мырзалар бастаған ардагерлер қоғамдық іс-шаралардан қалыс қалған емес.
Күні кеше ауған ардагерлері жастармен біргелікте сенбілікте бас қосып, соғыс даласында өздерімен бірге майданда болған азаматты Шымкент қаласындағы арнайы мекемеге артынан іздеп барып, қал-жағдайын біліп, сый-сыяпат табыстады.
Ал, бүгін аудан орталығындағы «Мақтаарал» мәдениет сарайында ауған ардагерлеріне арналған мерекелік салтанатты жиын өтті. Аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова аудан әкімінің атынан құттықтаулар мен марапаттарды соғыс ардагерлеріне табыс етті. Мырзашөл жерінен интернационалдық борышын өтеуге аттанған 253 жауынгеріміз бүгінгі күннің батырлары санатында.

@DIDARBEK.KZ

 

Пікір жазу