Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Бұқаралық спортты дамыту, тұрғындар арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында аудан әкімінің бастамасымен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен және аудандық Жастар ресурстық орталығының қолдауымен ұйымдастырылған жарыс өткен жылдың қаңтар айында бастау алған болатын. Бүкіл әлемді жайлаған пандемияға байланысты жарыс кейінге қалдырылған болатын.
2021 жылдың 19 ақпан күні аудан орталығындағы Абылайхан жалпы орта мектебінің спорт залында санитарлық талаптарды сақтай отырып жарыстың соңғы тур ойындары өтіп, жеңімпаздар анықталды.
Жарыста барлық турларды жеңіліссіз өткізген Мақтаарал ауылдық округінің командасы жеңімпаз атанса, Екінші орынмен А.Қалыбеков ауылдық округінің командасы жарысты аяқтады, ал Атакент кентінің командасы үздік үштіктен көрінді.
Жарыста Үздік үштіктен көрінген командалар және үздік атанған спортшылар кубоктармен және бағалы заттай сыйлықтармен марапатталса, жарыстың жоғары дәрежеде өтуіне үлес қосқаны үшін төрешілер мен команда жетекшілері аудан әкімі Бақыт Асановтың арнайы алғыс хаттарымен мараппатталды.

@DIDARBEK.KZ

 

Пікір жазу