Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ӨҢІРЛІК ӨНІМ АРТУДА

ӨҢІРЛІК ӨНІМ АРТУДА

Созақ ауданының соңғы жылдары жеткен жетістіктері аз емес. Ауданда жаңадан мектептер мен медицина мекемелер, балабақшалар мен шағын орталықтар, мәдени ошақтар салынып, заманауи үлгіде көптеген әлеуметтік нысандар бой көтеріп, халықтың игілігіне пайдалануға берілді. Тұрғын үйлер жаңарып, ауыл, елді мекендердегі ішкі және күре жолдар жөнделді. Шағын және орта бизнес қарқынды дамып, индустриалды аймақ өркен жайды.
Өңіріміздегі жер асты қазба байлықтарының мол көзі ашылып, қуатты өндіріс орындары бой көтерді. Шетелдік, отандық инвесторлар тартылып, ірі біріккен кәсіпорындар ашылды.
Бүгінде ауданн өндірісі өрлеген, шаруашылығы шалқыған облыстағы көшбастаушы аудандардың біріне айналып отыр.
Мәселен, бюджеттің кіріс бөлігі 2019 жылы 204 миллиард 5 миллион теңгеге, 2020 жылы 286 миллард 1 миллион теңге, яғни 104,1 пайызды құрап отыр. 2020 жылы ауданда 316 миллард 758 миллион теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, 2019 жылмен салыстырғанда 101,1 пайызға немесе 3 миллард 377 миллион 200 мың теңгеге артты. Аудан экономикасына 39 миллард 862 миллион теңге инвестиция тартылды. Әсіресе, ауыл шаруашылығында жасалған жұмыстар орасан. Мал шаруашылығын дамытуға мемлекеттік инвест бағдарлама бойынша 43 шаруаға құдық қазылып, 68 күн сәулесінен энергия алатын қондырғы орнатқан. Cозақ ауыл округіндегі «Суындық» каналын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құрылысы аяқталған соң қосымша 1250 га суармалы жер айналымға қосылатын болады.

@DIDARBEK.KZ

 

Пікір жазу