Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ІЗГІЛІКТІ МАҚСАТ ТҰТҚАН ШАРА

ІЗГІЛІКТІ МАҚСАТ ТҰТҚАН ШАРА

Бүгін Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ Жуантөбе ауыл округі бойынша әдіскерінің ұйымдастыруымен Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 32 жыл толуына орай «Ер есімі-Ел есінде» атты «Ауғанстан соғысы ардагері, Жуантөбе ауылының турғыны Қалтай Қазғұлов ағамызбен кездесіп, мерекесімен құттықтап кайтты.
Ісшара ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған, жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу, жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі — өнеге, тарихи тағылым беру, отансүйгіштікке, ізгілікке баули отырып тәрбие беруді мақсат етті.
Кездесу барысында ардагер басынан өткен оқиғаларымен бөлісіп, сауалдарға жауап бере отырып, соғыс шындығы, ерлік жайлы ойларымен бөлісті. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангерге тілектер айтылып, сый көрсетілді.

@DIDARBEK.KZ

 

Пікір жазу