Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЕҢ ҮЗДІК БОКСШЫ — КЕНТАУДА

ЕҢ ҮЗДІК БОКСШЫ — КЕНТАУДА

Кентаулық Бахтяр Анарбаев «Ең үздік бокшы» номинациясын иеленді, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агентігі.
Ақтөбе қаласында бокстан кезекті Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп, өз нәтижесіне жетті. Республикамыздың барлық аймақтарынан 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткізіліп, мықтылар анықталды.
Бұл жарыста Түркістан облысының жас спортшылары жақсы нəтижеге қол жеткізді. Аса тартысты өткен жекпе-жектің қорытындысы бойынша жерлестеріміз 1-алтын, 2- күміс, 2-қола медаль жеңіп алды.
Солардың ішінен ерекше көзге түскен, жұдырықтасуда мамандарды таң қалдырып, жекпе-жекте барлық қарсыластарын тізе бүктірген КЕНТАУ қаласының дарынды боксшысы 57 келі салмақта өнер көрсеткен Бахтияр Анарбаев жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар, дара әдістерімен көпшілікті тəнті еткен ол «Ең үздік боксшы» номинациясын иеленді.
ҚР Халықаралық дәрежедегі Еңбек сіңірген спорт шебері Шағатаев Қанатбек Ханафияұлы басқарып отырған «Кентау қалалық №3 БЖСМ» ұжымын және жеке жаттықтырушылары Р.Шерметов пен Т.Жаулыбаевты шын жүректен құттықтаймыз!

@DIDARBEK.KZ

 

Пікір жазу