Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » KENTAU QYZMET CUP ТУРНИРІ ӨТТІ

KENTAU QYZMET CUP ТУРНИРІ ӨТТІ

Кентау қаласында мемлекеттік қызметкерлері арасында кіші футболдан турнир өтті. Аталған турнир ҚР “Тәуелсіздігінің — 30 жылдығы” мерекелік іс-шаралар мен қазақтың әйгілі палуаны Қ.Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды.
Турнирге жалпы саны 10 команда қатысып, іс-шара 100 адамды қамтыды. Қатысқан командалар атауы: Кентау қаласы әкімдігі аппараты, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы, қалалық ішкі істер бөлімі, қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі, қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі, қалалық мәдениет және тіл бөлімінің мамандарынан құралған командалар.
Сонымен қатар, қалаға қарасты Жүйнек а/о әкімдігі, Қарашық а/о әкімдігі, Хантағы ауыл әкімдігі мен қалалық мәслихат аппараты бақ сынасты. Тартысты өткен турнирде барлық ойында қарсыластарынан басым түсіп, нәтижелі ойын көрсеткен Кентау қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі І-орын
Сондай-ақ, ІІ-орынды “Кентау қалалық ішкі істер бөлімі” иеленсе, ІІІ-орынды Кентау қаласы әкімдігі аппараты жеңіп алды.
Аталмыш турнирде “үздік” номинациясы бойынша нәтижелі ойын көрсеткен спортшылар да анықталып, сый сыйапаттармен марапатталды.
Барлық жеңімпаздар Кентау қаласының әкімі Д.Мақажановтың атынан марапат дипломдары мен кубок, медаль және сыйлықтармен салтанатты түрде табыс етілді.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу