Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚЫЗ СҰЛУ КӨРІНЕДІ ҚЫЛЫҒЫМЕН

ҚЫЗ СҰЛУ КӨРІНЕДІ ҚЫЛЫҒЫМЕН

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалы мен Жастар ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен арнайы бекітілген кестеге сәйкес “Ерте жүктілік және оның алдын алу жолдары” атты іс-шара өтті.
Дөңгелек үстелге Кентау қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Маржан Кривенцова, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалының маманы Алия Курманбаева, Жастар ресурстық орталығының психологы Асем Далдекеева, Кентау қалалық емханасының гинеколог дәрігері Динара Асетова, емхананың психолог маманы Асылзат Алиева, Түркістан облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп интернатының директоры Гүлнар Таишева мен мектеп-интернат қыздары қатысты.
Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға көптеген керемет суреттемелер берген. Сондай — ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз – елдің көркі, гүл жердің көркі», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар»-деп өмір тәжірибесімен бөлісті Кентау қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Маржан Кривенцова.
Жастар ресурстық орталығының психологы Асем Далдекеева қазіргі қыздардың бойынан қазақ ұлтына жат қылықтар көптеп кездесіп жатқандығын айтып, қыздарға тәрбиелік мәні бар әлеуметтік бейнероликтер көрсетіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кентау қалалық емханасының гинеколог дәрігері Динара Асетова бойжеткендерге ерте жүктіліктің қауіптілігін, сонымен қатар салдарын мен зардаптарын түсіндіріп өтті. Мектеп-интернаттың өзге оқушыларымен онлайн арқылы өтті.
Түркістан облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп интернатының директоры Гүлнар Таишева мектеп-интернаты оқушыларының жасаған қол өнер бұйымдары сақталатын арнайы мұражаймен таныстырды.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу