Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖАРҚЫН ІСТЕР ЖЕТЕРЛІК

ЖАРҚЫН ІСТЕР ЖЕТЕРЛІК

Жастар — біздің болашағымыз. Әйтсе де олардың күш – қуатын ертеңге сақтамай, жастық жігерін бүгін пайдаланған жөн. Жастар бар жерде жалын бар. Өйткені, олар қай істе болсын батыл әрі бастамашыл. Міне, осы мақсатты ту еткен бәйдібектік жастар қоғамда үлкен белсенділік танытуда.

Аудандағы жастар ұйымының басын біріктіретін негізгі ұйым алғаш рет 2007 жылы құрылған.  Одан бері де атауы бірнеше ауысқанымен мақсаты  айқын бұл ұйым бүгінде жастар ресурстық орталығы деп аталады. Аудан басшылығы тарапынан оларға  өте көп көңіл бөлінген.  Өйткені, олар қай істе де батыл әрі бастамашыл. Бұл туралы Оңтүстік телеарнасына сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ хабарлайды.

Б.Жанғазиев: Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары: 54 мың халқы  бар ауданда  14 мыңға жауық армиясы бар жастар ұйымын шағын күш деуге келмейді. Осындай әлеуеті бар жастарға орталықта 18 – ге жуық  жас жетекшілік етеді. Олардың лайықты жұмыс атқаруына мұнда барлық жағдай жасалған.

А.Абжалов: Бәйдібек аудандық «Жастар ресурсы орталығы» МКМ басшысы:КСМ:   Мұнда  мектеп оқушыларынын бөлек әр саланың  өкілдерін құрайтын жастар тіркелген. Яғни, олардың арасында ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласынан бөлек,  билікте жүрген жастар да бар. Өйткені, аудандағы билік тарапынан  жастарға деген сенім мен қолдау өте зор.

@DIDARBEK.KZ

 

 

Пікір жазу