Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САУАТТЫ ЖАРНАМА — ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫНЫҢ АЙНАСЫ

САУАТТЫ ЖАРНАМА — ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫНЫҢ АЙНАСЫ

Түлкібас ауданында «Сауатты жарнама — тіл тазалығының айнасы» атты акция өтті.
Бүгін аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 21- бабы бойынша заң талаптарынын сақталуын қамтамасыз ету және Түлкібас кентіндегі көшелердің көрнекті жерлерінде, ғимараттарда, мекемелерде жазылған атаулардың, коммерциялық нысандар атауларының, жарнама мәтіндерінің қате жазуларын реттеу, дұрыс жазылуы мен эстетикалық безендірілуіне зерделеу жұмыстарын жүргізу мақсатында «Сауатты жарнама — тіл тазалығының айнасы» атты акция өткізілді.
Акцияға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімі, «Түлкібас кенті әкімінің аппараты» КММ, «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ, аудандық кәсіпкерлік бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» мамандары және тіл жанашыры, Түлкібас кенті ардагерлер кеңесінің мүшесі Тоғысбаев Сапарбек Тілебалдыұлы қатысты.
Акция аясында заң талаптарына сәйкес келмейтін бірқатар нысан иелеріне ескертулер жасалынып, коммерциялық обьектілерге әдістемелік көмек, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Пікір жазу