Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫ ЕГІЛМЕК

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫ ЕГІЛМЕК

2021 жылы болжамдық егістік құрылымына сәйкес 64 485 гектар жер игеру жоспарлануда, оның ішінде 25250 гектарға дәнді-дақылдар, 12378 гектарға майлы дақылдар, 1200 гектарға картоп, 1500 гектарға көкөніс және 24 157 гектарға көпжылдық мал азықтық дақылдар орналастырылады.
Әр округ бойынша шаруа қожалық анықталып, егілетін өнім түрі нақтылануда. Аталған егін жұмыстарын 185 шаруа қожалық іске асырмақ.
Бүгінгі таңда аталмыш егісік алқаптарына бидай егу жұмыстары қарқын алып, қазіргі уақытта 15 000 гектар жер өңделіп, соның 10 000 гектарына күздік бидай егілген.
Ауданда егіншілікпен айналысатын шаруа қожалықтарға аудан әкімдігі тарапынан жеңілдетілген жанар-жағармаймен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі жолға қойылған. Осы уақытқа дейін түйіткілді мәселелердің бірі шағын шаруа қожалықтарға Шымкент қаласы маңынан жеңілдетілген жанар- жағармайды тасымалдау болатын. Биылдан бастап 1 тоннаға дейінгі жанар-жағармайды тиесілі қожалықтар сонша жерге бармай-ақ ауданымыздағы операторлардан алатын болады.
Ағымдағы жылғы көктемгі дала жұмыстарын атқаруға Түлкібас ауданының ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне барлығы – 2210 тонна жеңілдетілген жанар жағармай бөлінген. Жанар-жағармайды таратушы оператор болып 2 заңды және жеке тұлға бекітілді.
Олар:
1-ші «Санали Групп» ЖШС, директоры С.Тауасаров арқылы ағымдағы жылдың ақпан, наурыз, сәуір айларына — 1885 тонна бөлінді.
2-ші жеке кәсіпкер «Узенбаев Р» басшысы Р.Өзенбаев арқылы ағымдағы жылдың ақпан, наурыз, сәуір айларына — 325 тонна бөлінді.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу