Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ПОЭЗИЯ МЕНІҢ ЖҮРЕГІМДЕ

ПОЭЗИЯ МЕНІҢ ЖҮРЕГІМДЕ

Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 90-жыл толуына орай, аудан жастары арасында «Поэзия менің жүрегімде»  тақырбы аясында ақынның өлеңдері мен поэзияларын жатқа оқу сайысы ұйымдастырылды.

Сайысқа жалпы 40- тан аса аудан жастары қатысуға өтініш берген. Дегенмен карантин режимін толық сақтай отырып, 22 үміткер бақтарын сынады. Сайысты аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаев ашып берді.

Сайысқа мәдениет үйінің қызметкерлері Тимур Тастанов, ақын Байтуова Жезмарал мен түрлі көркемсөз оқу сайысының жеңімпазы Мақұлбек Беглан, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Нургуль Лесбекова және аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің м.у.а П.Ескулов қазылық жасап, жүлделі 1 орынды Расулбек Мадина. Жүлделі 2 орынды Ауданбай Ақниет, Оңалбек Балқаш иеленсе, жүлделі 3 орын үш бірдей қатысушыға табыстарды Әзірбайжан Бақдәулет, Жандарбек Балауса, Кулбай Ыбырай иеленді. Ал, қалған қатысушыларға диплом және ақынның арнайы кітаптары табысталды.

@DIDARBEK.KZ

 

Пікір жазу