Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МЕН ӨМІРІМДІ ЖЫРЛАЙМЫН!

МЕН ӨМІРІМДІ ЖЫРЛАЙМЫН!

Мұқағали Мақатаев — қазақтың əйгілі ақыны. Ол қазақ поэзия əлеміне шетсіз – шексіз кеңістік пен көз сүрінген биіктік əкелген ақын. Құдіретті қарапайымдылықпен «күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып, өзіне қайтарған» ақын. Кəусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақын.
Мұқағалидің барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың асыл мұралар қатарына жатады. Өлеңмен де, өмірмен де бүкпесіз қауышып, қалтарыссыз сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім өртінде өтті. Ақынның әр өлеңінде,әр шумағында бүкпесіз, ақжарқын көңілмен сазды сыр төгіп отырғандай. Өлеңнің ырғағынан да, тербелісінен де ақынның қимылын, дауысын, мәнерін естіп, мінез-құлқын танимыз. Өйткені ол өлеңнен, өнерден сыр іріккен емес. Өлеңге өз жан дүниесін ашты, өлеңнің сырлы құпияларын жария етті.
Осы орайда ақынның 90 жылдық мерейтойына орай Төлеби аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Қостөбе ауылдық клубының ұйымдастыруымен «Мен өмірді жырлаймын!» атты дөңгелек үстел өтті.
Жиында ауыл өнерпаздары ақынның шығармашылығынан жыр жолдары мен әсем әндерін нақышына келтіріп орындады.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу