Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖЫР АЛЫБЫ –ЖАМБЫЛ

ЖЫР АЛЫБЫ –ЖАМБЫЛ

Қазақ халық поэзиясының жыр алыбы атанған қайталанбас тұлға Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 175 жыл толып отыр. Республикамыздың барлық өңірінде ақынның мерейтойына орай түрлі ісшаралар өткізу басталып та кетті. Осыған орай, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылындағы мәдениет үйінде №12 Қарабұлақ ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жыр алыбы — Жамбыл» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Кеш қонақтары Сайрам аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ қызметкерлері, Сайрам АОКЖ КММ қызметкерлері және кітапхана оқырмандары.
Ісшара алдымен Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Өмірі – аңыз, өзі – абыз» бейнешолумен басталды. Ары қарай кітапхана оқырмандары «Жамбылдың жастық шағы», «Алғадайдың өлімін естірту» көріністерін, Жамбылдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, патриоттық тақырыптағы әндерді де шырқады. Шара соңында кітапхана басшысы Д.Сыдыкова «Ауыл — ел тірегі» жобасы аясында ұйымдастырылып жатқан кеш қатысушыларына алғыс білдірді. Ауылдық кітапхананың кітапханашысы Н.Абдикаримова «Халық-менің шын атым» кітап көрмесіне шолу жасады.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу