Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ГАЗЕТ-ЖУРНАЛ САТСАМ ДЕЙМІН…»

«ГАЗЕТ-ЖУРНАЛ САТСАМ ДЕЙМІН…»

«Ауылдағы Мәдениет үйінің жанынан бір бөлмесін жалға алып, газет — журнал, кітап сататын дүкен ашсам болады ма?». Бұл – Қарабұлақ ауылының өз кәсібін дамытқысы келген тұрғынының сауалы.
Сайрам аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлнар Тынымбаева бүгін Қарабұлақ ауылдық округінің тұрғындарын жеке сұрағы негізінде қабылдады.
«Ауыл — ел тірегі» онкүндігі аясында ұйымдастырылған қабылдау барысында тұрғындар көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды. Соның бірі – Мәдениет үйінің жанынан газет — журнал, кітап сатуға арналған дүкен ашуға болатыны. Заңға қайшы келмейтінін естіген кәсіпкер дән риза.
Бұдан өзге, осы Мәдениет үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу, қызметкерінің айлық табысын арттыру мәселелері күн тәртібіне қойылды.
Сонымен қатар, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі онкүндік аясында Қарабұлақ ауыл тұрғындарының арасында диагностикалық ҚАЗТЕСТ сынағын өткізді.
Бұл күні аталған мәдениет үйінде С.Оразбвевтың 85 жылдық мерейтойына арналған «Беу қыздар-ай» қойылымы көрсетілді.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу