Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САРБАЗДАРДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛДЫ

САРБАЗДАРДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛДЫ

Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылынан «Ауыл – ел тірегі» онкүндігі бастау алды. Онкүндіктің бастауы — Ауған соғысы сарбаздарына арналып, ардагерлердің басын қосқан керемет ісшара өтті.
Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына арналған «Сарбаздан сәлем» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараға Қарабұлақ ауылында тұратын Ауған соғысы ардагерлері, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының көмекшісі Шарафиддин Анварбеков, Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Бахтияр Шамуратов және мәдениет саласының басшылары мен өнерпаздары қатысты.
Іс-шара барысында Б.Шамуратов ауған соғысы ардагерлері мен қаза тапқан жауынгерлердің отбасыларын мерекемен құттықтап, ауыл округ әкімінің Алғыс хаты мен арнайы әзірленге сый — сияпаттар тапсырды.
Сонымен қатар, қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының көмекшісі Ш.Анварбеков және аудандық мәдениет үйінің директоры Д.Алашбаев шараға қатысушы ардагерлерді құттықтап, алғыс хаттар тапсырды.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу