Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ШЕКТІК БАҒАДАН АСЫП КЕТКЕН

ШЕКТІК БАҒАДАН АСЫП КЕТКЕН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына үндеуінде карантин режимі кезінде ел аумағында дәрі-дәрмектің бағасын бірнеше есе өсіріп, қалыптасқан жағдайды өз мақсатына пайдаланғысы келген алыпсатарларды анықтауды және дәріханалардағы баға тұрақтылығын жіті бақылауға алуды тікелей құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырған болатын.
Осыған орай, бүгінгі күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері мен «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және жобалық кеңсенің барлық қала/аудандардағы жергілікті менеджерлері және Арнайы мониторингтік топ мүшелері облыс аумағында орналасқан дәріханалардағы дәрілік заттардың баға тұрақтылығына тұрақты негізде мониторинг жұмыстарын жүргізуде.
Атап айтсақ, ағымдағы жылдың 11 ақпан күні Түркістан облысының Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің 5 ақпандағы «Түркістан облысында қатаң карантиндік шектеу шараларын ұзарту туралы» №2 Қаулысының 8 тармағы негізінде Департамент басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай мен «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері және Түркістан облысының медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің қызметкерлері мен Арнайы мониторингтік топ мүшелерінен құралған жұмысшы топ өкілдері Кентау қаласында орналасқан дәріханаларға арнайы барып, дәрі-дәрмектердің шектік бағасына зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Жүргізілген мониторингтік жұмыстар барысында Кентау қаласына қарасты 3 дәріханада жалпы саны 13  дәрі-дәрмек түрінің шекті бағадан асырылып сатылымға шыққандығы анықталды. Ол бойынша хаттама толтырылып, құзыретті органға жіберілді.
Айта кетсек, бүгінгі күні Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінің тарапынан облысқа қарасты дәріханалардағы қажетті дәрілік заттардың баға деңгейіне тұрақты негізде мониторинг жұмыстары жүргізілуде.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу