Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҮЗДІК КРИМИНАЛИСТ

ҮЗДІК КРИМИНАЛИСТ

Құқық қорғау қызметінде криминалистика саласынсыз қылмысты ашу мүмкін емес. Қылмыс орын алган жерде полицияның жұмысы криминалистен басталады. Оқиға тәуліктің қай мезгілінде қашан, қалай болғанын анықтау, айғақты заттарды сапалы алу болып табылады.
Осы салада аянбай енбек етіп жүрген қызметкерлер жетерлік. Солардың біpi Сайрам ауданы полиция баскармасының аға криминалисі полиция майоры Фархад Баятаров 2020 жылдың қорытындысы бойыншы Tүркістан облысы Полиция департаменті «Үздік криминалисі» атанып, марапат биігінен көрінді.
Фархат 1982 жылы Tүлкібac ауданының Мақталы ауылында дүниеге келген. Сондағы А.Байтурсынов атындагы жалпы орта мектебін 2000 жылы аяқтайды. Сол жылы ҚР IIM-ніғ Ақтобе заң колледжіне түсіп, 2002 жылы бітіріп шығады. Еңбек жолын Жамбыл облысы Жуалы аудандық ПБ-де кезекші қызметінен бастап, маман криминалист, аға криминалсит лауазымдарында жұмыс жасаған. Құқық қорғау саласында 18 жылдан аса жұмыс істеп келе жатқан уақытта өзінің қызметтік міндеттерін адал әpi табандылықпен атқарып, басшылар тарапынан тапсырмаларды уақытылы орындайтын қызметкер ретінде көзге түсіп келеді. Сонымен қатар жыл сайын көптеген ауыр қылмыстарды ашуда.
2020 жылдын ақпан айында Жамбыл облысының Қордай ауданында орын алған қақтығыс кезінде республика көлемінде жұмылдырылған күш-кұралдардың алғашқы шебінде болып, оқиға орнын қарау, залалсыздандыру жұмыстарын жоғары деңгейде атқарғаны үшін Қазақстан Республикасының президенті Қ. К. Тоқаевтың Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
2007 жылы Тараз Мемлекеттік заң университетін бітірген. Жұбайы Ақтоты Сапарғаликызы eкеуі 5 ұл-кыз тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы. Туңғышы 14 жасар Әбілхайыр балалар арасындағы epкін күрестен медалдар мен марапаттарға ие болып жүр. Осындай үлгілі отбасылар арамызда аз емес. Ендеше біз де үздік отбасыға амандық тілейміз.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу