Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » АДАЛ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘРКІМНІҢ ӨЗ ҚОЛЫНДА

АДАЛ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘРКІМНІҢ ӨЗ ҚОЛЫНДА

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұжымымен кездесу өтті.
Күн тәртібіндедегі басты мәселе — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру, ұжымда парасаттылық құндылықтарын дәріптеу болып табылады.
Онлайн шараға Департамент басшысы А.Жұмағали, оның бірінші орынбасары Т.Серікбаев, ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбеков, аудан әкімі Ғ.Ильясов пен ұжым қатысты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың жүзеге асырылу барысымен таныстырған Департамент басшысы Асхат Жұмағали қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда парасаттылық пен ашықтық қағидаттарын енгізуге баса назар аударылып отырғандығын жеткізді. Сонымен қатар, Асхат Жұмағали жемқорлықпен күрес тек Агенттіктің ғана міндеті емес, бүгінде бұл әрбір басшының міндеті екендігін атап өтіп, жемқорлықтың алдын алуда бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Сондай-ақ, Мемлекет Басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында аудан әкімдігіндегі фронт-офистің жұмысын жандандыру мен «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсемен бірлесе жұмыс жасауы жайы қаралды.
Департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған маңызды заңнамалық шаралардан хабардар етіп, параны алушыға да, берушіге де, делдалдарға да жауапкершіліктің күшейтілгенін ескертті.
Өз кезегінде азаматтардың сенімі мен адалдық пен парасаттылық қағидаларына бейімділігін артыру мақсатында құрылған Ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Сәкен Мәжінбеков адал қоғам қалыптастыру әркімнің өз қолында екенін айтып, адал адамның абыройы асқақ, парасаты биік болатындығын жеткізді.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Ғалымжан Ильясов жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстармен таныстырып, жоспарларымен бөлісті.

 

@DIDARBEK.KZ

 

Пікір жазу