Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ПАРАСАТТЫЛЫҚ ЖАСТАР КӨЗІМЕН

ПАРАСАТТЫЛЫҚ ЖАСТАР КӨЗІМЕН

Бүгін Шымкент қаласы орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіне қарасты №4 балалар кітапханасының «Парасат жолы» орталығында «Парасаттылық жастар көзімен» тақырыбында 7-9 сынып оқырмандары арасында пікірталас өтті.
Шараның мақсаты — жастарды патриоттыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, адалдық пен парасаттылықты, ізгілік пен әділдікті дәріптеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін түсіндіру болып табылады.
Пікірталаста адалдық, парасаттылық, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылыққа қатысты оқушылар пікірлерін ортаға салып, белгілі ақын, жазушылардың өлеңдерін оқып, домбырамен күй шертті.
Қалалық орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің директоры Жанар Сауғамбаева осындай шаралар жастарды парасаттылыққа тәрбиелей отырып, ойларын ашық айтуға мүмкіндік береді дейді.
Айта кетейік, парасаттылық идеологиясын насихаттау мен ілгерілетудің маңыздылығын ескере отырып, мегаполистің кітапханаларында «Парасат жолы» орталықтары ашылуда. Аталған Орталықтар жастардың белгілі ақындармен, жазушылармен, ғалымдармен, мемлекет және қоғам қайраткерлерімен кездесу орнына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық бастамалардың ортасына айналуда.
«Парасат жолы» жобасының қалалық орталығын Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент қалалық филиалының директоры Бахадүр Жеңіс басқарғанын айта кету керек.

 

@DIDARBEK.KZ

 

Пікір жазу