Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » «САМҒАУ – 2017» КИНОФЕСТИВАЛІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«САМҒАУ – 2017» КИНОФЕСТИВАЛІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Оңтүстік Қазақстан облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мамыр айында бастау алған жас режиссерлар байқауы ақтық мәреге жетіп, үздіктердің арасынан өз жеңімпаздарын анықтады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жастар арасында насихаттай отырып, Оңтүстіктің дарынды жастарын қолдап, ой салар туындыларды жарыққа шығару мақсатында өткен фестивальге 100-ден аса шығарма ұсынылып, ақтық мәреге 17 туынды жолдама алған болатын.

Қатысушы жас режиссерлар отансүйгіштік қасиеттер мен ішкі туризм, спорт, жемқорлық пен мотивациялық, отбасылық құндылықтары мен әлеуметтік мәселелерді көтере отырып, 20 минуттық қысқаметражды бейнефильмдер түсіру арқылы жастарға ой салуды көздеген екен.

Осынау шығармашылық додада үздік деп танылып, бас жүлдеге «Шыңырау» фильмі лайық деп табылса, 1 орынға – «Барыңды бағала», 2 орынға – «Игра судьбы», 3 орынға – «Әке» фильмдері ие болып, «Үздік актриса» номинациясымен Холлоуэй Диана және «Үздік актер» номинациясымен Нуриддин Асан марапатталды.

Өз тілшімізден

Пікір жазу