Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » 116 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛАДЫ

116 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында осы жылы облыстық құрылыс және аудан, қала әкімдіктері тапсырыс беруші болып табылатын 209 инвестициялық жоба іске асырылуда. Аталған нысандардың 116-сы жыл соңына дейін тапсыру жоспарланса, 93 нысан келер жылға өтпелі.

Осыған сәйкес, облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдының төрағалығымен штаб отырысы өткізілді.

Жиында облыс аумағындағы әлеуметтік және тұрғын үй құрылысы нысандарының құрылыс-монтаж жұмыстары мен жобалау-сметалық құжаттамалардың әзірлену барысы талқыланды. Мәжіліске аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары және нысан құрылысын жүргізіп жатқан мердігерлер, техникалық қадағалаушы мекемелер қатысты.

Аталған штаб отырысында облыс әкімінің бірінші орынбасары құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыларының мерзімінде толық және сапалы игерілуін қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарының сапасына көңіл бөліп, нысандардың мерзімінде пайдалануға тапсырылуын қатаң бақылауға алу бойынша аудан және қала әкімдіктері мен салалық басқармаларға тиісті тапсырма берілді.

Өз тілшімізден

Пікір жазу