Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ТӘЖІРИБЕ АЛМАСЫП ҚАЙТТЫ

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСЫП ҚАЙТТЫ

ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде Оңтүстік Кореяның үздік клиникаларында тәжірибе алмасып қайтқан бірқатар аудандық ауруханалардың бас дәрілерлері брифинг берді. Оңтүстік Қазақстан облысының аудандық орталық ауруханаларының бас дәрігерлерінен құралған 20 маман  облыс әкімінің қолдауымен, денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастырумен Оңтүстік Корея республикасына барып, тәжірибе алмасып қайтты.

Спикерлердің айтуынша, жұмыс сапардың басты мақсаты дүниедегі алдыңғы қатарлы медицинасы дамыған елдердің бірі саналатын Оңтүстік Корея мемлекетінің медициналық көмек көрсету жүйесінің жұмысымен танысу. Брифингте өз ойымен бөліскен Сарыағаш аудандық ауруханасының бас дəрігері, топ жетекшісі Ибрагим Ташев өңірден барған делегациялар компютерлік-ақпараттық жүйенің жұмыс тәртібімен, медициалық сақтандыру жүйесінің ерекшеліктерімен, инсульт алған наукастарға көрсетілетін көмек, инсультан кейінгі реабилитация жұмыстарын ұйымдастыру мәселелерімен танысқанын атап өтті.

«Біз ең алдымен 3 ауруханадан тұратын СЭМ медициналық клиникасының жұмысымен танысудан бастадық. Госпитальда медицинаның барлық салалары бойынша бөлімшелер бар, және олар кәсіби мамандармен заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, заманауи талаптарға сай келетін емдеу кешендері қатарына кіретін Аджу университеттік клиникасының жұмысын көрдік.  Онда бар-жоғы 80 студент дәріс алады. Клиника ұжымының айтуынша, бұл үздік медициналық мамандарды дайындаудың кепілі екен», – дейді Ибрагим Ташев.

Өз тілшімізден

Пікір жазу