Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » МҮСІН ӨНЕРІНІҢ ХАС ШЕБЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН

МҮСІН ӨНЕРІНІҢ ХАС ШЕБЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Қазақстандық көрнекті мүсінші Дәурен Әлдековтың 70 жасқа толуына арналған жиынға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, монументалист, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің кавалері Насыр Рустемов, ҚР суретшілер Одағының мүшесі, «Ерең еңбегі үшін» медалінің иегері Абдуахат Муратбаев, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Түркістан облысы Суретшілер одағының төрағасы Нурлан Шилибаев, Қазақстан Республикасы Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Шарипбай Утегенов қатысты.
Мүсін өнерінің хас шебері, бірқатар қайталанбас туындылардың авторы Даурен Алдековтың мүсіндерінің басым бөлігі біздің Оңтүстік өңірде қалған екен. Олардың бірі метафизикалық тұрғыдан жобаланған – Ахмет Байтұрсынов, Бауыржан Момышұлы, Әл-Фараби мүсіндері. Қоламен қапталған –Қазығұрт жылқысы. Сондай-ақ, музей қазынасының меншігіне айналған – алаңсыз балалық шаққа деген сағынышты басып, жанға жайлылық сыйлайтын «Ән» композициясы. Мұның бәрі – жерлесіміздің бізге қалдырған асыл мұрасы.

Пікір жазу