Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Спорт » СОҚҚЫСЫ ЖОЙҚЫН, ТЕХНИКАСЫ ЖЕТІК

СОҚҚЫСЫ ЖОЙҚЫН, ТЕХНИКАСЫ ЖЕТІК

Бокс дегенде ең алдымен «ерлер айналысатын спорт» деген ой келеді. Жайна Шекербекова бұл ұғымды жоққа шығарып, спорттың осы түрінен еліміздің даңқын асқақтатқан, боксшы.
Кейіпкеріміздің спортқа қызығушылығы Шымкент қаласына келгеннен басталды. «Фемида» заң колледжінде оқып жүргенде бокс үйірмесіне барып жүрген еді. Ол 2006 жылы Қызылжар қаласында өткен ел біріншілігінің жеңімпазы атанды. Содан әуесқой бокстың қыр-сырын меңгеруге барын салды. Осыдан кейін спортта жұлдызы жарқырады. 2008 жылы Алматыда өткен ел чемпионатына қатысып, жеңімпаз атанды. Бұл – Жайнаның бокстағы алғашқы, әрі ірі жеңісі.
Былғары қолғап иегерінің жетістіктері жетерлік. 2010 жылы Астана қаласында өткен Азия чемпионатында өзгелерден оқ бойы оза шапты. 2012 жылы Қытайда өткен Азия кубогы жарысында, 2014 жылы Оңтүстік Кореяда өткен Азия ойындарында ІІ орын жеңіп алды. 2016 жылы Астана қаласында өткен Әлем чемпионатында ІІІ орын иеленді. Рио Де Жанейродағы 2016 жылы XXXI Жазғы Олимпиада Ойындарында V орынды қанжығаға байлады. 2018 жылы Делиде (Үндістан) Әлем чемпионаты ұйымдастырылып, онда ІІ орынға табан тіреді. Осы жылғы ХХХІІ-Жазғы Олимпиада Ойындарына жолдама жеңіп алуға үміткер спортшы.
Қазақстан Республикасының бес дүркін чемпионы. Бірнеше халықаралық турнирдің жеңімпазы. Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері.
Жайнаның жоғарыда келтірген жетістіктері шаршы алаң шеберінің жеңіске деген мұқалмас жігерінің арқасы. Соққысы жойқын, техникасы жетік спортшының қай кезде де тұғыры биікте.

Пікір жазу