Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » АГРОӨНЕРКӘСІПТІК САЛАДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК САЛАДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Департамент пен Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясының басшылығы кездесті.
Күн тәртібіндегі негізі мәселе – аталған салада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу бойынша өзара іс-қимыл мәселелеріне бағытталған.
Онлайн режимде өткен шараға Департамент басшысы А.Жұмағали, оның бірінші орынбасары Т.Серікбаев, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясының басшысы Ә.Мақұлбаев және инспекция ұжымы қатысты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың іске асырылу барысына тоқталған А.Жұмағали, басты бағыт – жемқорлықтың алдын алу екендігін атап өтті. Жемқорлықпен күрестегі әрбір азаматтың рөліне тоқталған А.Жұмағали, бұл бағыттағы атқарылған ауқымды жұмыстардан хабардар етті.
Кездесуде пара алушымен қатар, пара беруші де қылмыс жасаушы болып саналатынын түсіндіріп, қоғам дертімен бірлесіп күресуге шақырды.
Өз кезегінде Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдар үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салуды белгілеу, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен судьялардың сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге, Парламент депутаттары мен судьяларға шетелдік банктерде шоттар ашуға және иеленуге тыйым салу туралы заңнама нормаларын түсіндірді.
Кездесу барысында мемлекеттік органдардың ашықтығы жайында айтылып, ондағы азаматтық қоғамның басты рөлі аталды.
Аумақтық инспекция басшысы Ә.Мақұлбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыру аясында басты назар ақпараттық-түсіндірме жұмыстарына бағытталғанын, ұжымда тұрақты түрде түсіндірме жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Мекеме басшысы қоғам дертімен күресте бірлесе жұмыс жасауға дайын екендігінен хабардар етті.

 

 

Пікір жазу