Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ОҢТҮСТІКТІҢ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ОҢТҮСТІКТІҢ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыстық «Жастар ресурстық орталығында» Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жастар арасында кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен жауапкершілікті, жаңашылдықты сіңдіру мақсатында «Қазақстан КВН Одағының» Президенті Есен Елеукенмен жастардың кездесуі өтті.

Кездесуге өңіріміздің 14 аудан, қалаларынан 100-ден астам қатысып, көкейдегі ұсыныс-пікірлерін білдірді.

«Қазақстан КВН Одағының» Президенті Есен Елеукен: Ұлттық құндылықтарды келесі ұрпаққа жеткізу үшін біз өзіміздің ұлттық кодымызды сақтауымыз керек. Ұлттық кодымызды сақтау үшін біз өзіміздің мәдени, тарихи құндылықтарымызды дамыта отырып, әлемнің жақсы қаситеттерін бойымызға сіңіруіміз керек. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Президенттің ой-пікірлері бабалардың ұлағатымен астасып жатыр. Аталарымыз ұлы дала мен ұлы мәдениетті мұра етті. Ол – жалпыға ортақ құндылық, – деп сөзін қорытындылады.

Рухани кемел ел болу – Елбасы арманы. Мәденит жаңғырып, ой-өрісті кеңейту – игі бастама. Ендеше Елбасының жастарға серпіліс беруі келешекке қамданудың әрекеті деп ой түйген жастар ауылдарда аталмыш кездесуді жалғастыруға келісті.

Өз тілшімізден

Пікір жазу