Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

«Қарттарды қадірлейік». Шымкенттегі арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету орталығында осындай атаумен 1 қазан қарттар күніне орай ұйымдастырылған шара өтті. Бұл күні осында әлеуметтік қызмет алып жатқан 250-дей қартқа арналып кең дастархан жайылды. Сала басшысы бастаған атқамінерлер қазыналы қарияларды құттықтап, тарту-таралғы жасады. Концерттік бағдарламаға ұласқан бұл кеш ата-әжейлерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жергілікті өнерпаздар алдыңғы буын өкілдерінің көңілін аулап, әуезді әннен шашу шашты. Айта кетейік, бүгінде облыста 200 мыңнан аса зейнеткер тұрады. Оның 218-і — Ұлы Отан соғысының ардагері, 600-ге жуығы – жасы 100-ден асқан ата-әжелер мен 80-нен астамы – жалғызілікті қариялар. Қуантарлығы сол, қарттарға деген қамқорлық жылдан жылға артып кетеді. Мәселен, жалғызбасты қарияларға ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш есебінде қаржылай көмек беріліп келеді. 10 мыңға жуық қарт бүгінде коммуналдық қызметті төлеуден босатылып, қоғамдық көліктерде тегін жүруге мүмкіндік алып отыр. Сонымен қоса, 3 мыңнан аса қарияны түрлі басылымдарға тегін жаздыру ұйымдастырылған.

Өз тілшімізден

Пікір жазу