Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Әлібекқызы  Бектаева «Қорғасын» бастауыш партия ұйымында болып, мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында бастауыш партия ұйымының жұмысы бойынша өзекті мәселелер және «Құтты мекен» партиялық жобасының іске асырылу барысы талқыланды.
«Құтты мекен» партиялық жобасының мақсаты елдің инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына партиялық бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Жоба шеңберінде Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Бадам өзенінің үстінен өтетін көпірдің құрылысы жүргізілді. Көпірдің құрылысы 2018 жылы басталып 2020 жылы желтоқсан айында толық қолданысқа берілді. Құрылыс барысы партиялық бақылауда болған көпір бүгінгі таңда халық игілігіне беріліп, Шымкент — Ташкент бағыты бойынша көлік кептелісі азайған.
Сонымен қатар, кездесу барысында партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Әлібекқызы партияның сайлауалды бағдарламасы мен партиялық жобаларды жүзеге асыру үшін барлық бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарды жандандыру керектігін атап өтті.

Пікір жазу