Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ИСРАИЛ САПАРБАЙДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ИСРАИЛ САПАРБАЙДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ақын-сазгер, драматург, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының және мемлекеттік «Парасат» орденінің иегері Исраил Сапарбайды қабылдады.

Кездесуде әкім ақын-сазгердің 75 жылдық мерейтойымен құттықтап, тәуелсіз елiміздің рухани байлығын арттырудағы еңбегінің еселене түсетініне сенім білдірді.

«Біз Сізді ақын, композитор, драматург ретінде елге сіңірген абыройлы еңбегіңізбен еліміздің поэзиясы мен өнерінің дамуына зор үлес қосып келе жатқан, өзінің дара жолы бар ел азаматы ретінде мақтан тұтамыз. Сіз 160-тан аса әндер мен 150-ге тарта ән мәтіндерінің авторысыз. «Сағыныш сазы», «Жүрекке жүрек тіл қатар», «Шымкентім шырайлым», «Ностальгия», «Тойбастар», «Егіз лебіз» «Тәуелсіздік ұраны» және тағы басқа да әндеріңіз халық арасына кең тарап, сүйіп тыңдайтын әндерге айналды», – деді әкім өз сөзінде.

Сонымен қатар, аймақ басшысы жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықта¬рды сіңіріп, олардың рухани, мәдени болмысын қалыптастыру мақсатында және меройтой иесінің құрметіне орай ұйымдастырылып отырған республикалық ән байқауының сәтті өтуіне тілектестігін білдірді.

Кездесуде екі жақ Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру жайы мен өңір мәдениетіның дамуы бойынша сөз қозғап, елдің рухын биіктететін ақын-сазгерлердің шығармашылығын жастар арасында кеңінен насихаттау қажеттігін айтты.

Айта кетейік, ертең сағат 19:00-де Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында Исраил Сапарбайдың 75 жасқа толған мерейтойына орай «Еркіндігім – Елдігім» атты ән байқауының қорытынды Гала-концерті өтеді. Концертке ҚР еңбек сіңірген артисі Сембек Жұмағалиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Әбиірбек Тіналиев және Шахизада Байпатшанова, қазақ эстрадасының әншісі Таңат Мамырхан және Оңтүстік Қазақстан облысының өнер майталмандары қатысады.

Өз тілшімізден

Пікір жазу