Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ТУТӨБЕДЕ БАС ҚОСҚАН ЖУРНАЛИСТЕР ҮНДЕУІ

ТУТӨБЕДЕ БАС ҚОСҚАН ЖУРНАЛИСТЕР ҮНДЕУІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұстанымдарды толығымен қолдайтынымызды білдіре отырып, Қазақстан Республикасы өз тарихында тұңғыш рет қолданыстағы әліпбиін жоғары жақтың нұсқауымен емес, өз еркімен, өз қалауымен, өз таңдауымен, өз ыңғайына қарай ауыстыруға бет алғаны – құптарлық іс екенін сезіне, біз:

«Алтын алқа» баспасының бас директоры Әсет Әссанди;
«Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Бақтияр Тайжан;
NARtv арнасының директоры Ерсұлтан Әмірбек;
«Ел бірлігі» газетінің негізін қалаушы Мұхтар Мұхамбетжан;
«Уақыт» газетінің бас редакторы Талғат Балтабаев;
AGRO business tv телеарнасы директорының орынбасары Дәурен Дүйсебаев;
«Ордабасы оттары» газетінің бас редакторы Ғалымжан Зиябек

– Ұлы даланың тарихында орын алған теңдессіз басқосулардың киелі мекені – алдымен үш жүздің, Тәуелсіздік алған жылдары бауырлас үш елдің Президенттерінің басын қосқан қасиетті Ордабасы тауындағы Тутөбеде тұрып, мемлекеттік тіліміздің латын әліпбиіне көшу ұсынысына бірауыздан қолдау білдіреміз.

Қазақ орфографиясының латын қарпіне көшуі арқылы ел тарихында жаңа бір кезеңнің бастау алатынына және көптеген оң істерге жол ашылатынына көзіміз жетіп отырғандықтан, Ұлы дала елінің барлық азаматтарын, «Мәңгі елдің» өскелең ұрпағын, қоғамымыздың зиялы қауым өкілдерін латын әліпбиіне көшуді бір кісідей қолдауға үндейміз. Қазақ даласының жарқын болашағы латын графикасымен тығыз байланысты екенін есте сақтайық, ағайын!

Әсет Әссанди,
«Алтын алқа» баспасының бас директоры;

Бақтияр Тайжан,
«Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі;

Ерсұлтан Әмірбек,
NARtv арнасының директоры;

Мұхтар Мұхамбетжан,
«Ел бірлігі» газетінің негізін қалаушы;

Талғат Балтабаев,
«Уақыт» газетінің бас редакторы;

Дәурен Дүйсебаев,
AGRO business tv телеарнасы директорының орынбасары;

Ғалымжан Зиябек,
«Ордабасы оттары» газетінің бас редакторы

Пікір жазу