Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Возможно, это изображение (2 человека и люди стоят)

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент филиалының төрағасы Ерқозы Батырбеков қалалық перзентхана, №10 және №13 қалалық емханаларда қызмет ететін тұрмысы төмен 3 қызметкерге 50000 теңгенің қайырымдылық сертификатын табыстады. Қазіргі пандемия, шынында да адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған әлемдік дағдарысқа әкеліп соқтырды.

Возможно, это изображение (3 человека, в том числе Әсет Әссанди и Ляйля Сагынгаликызы и люди стоят)

Карантин кезінде кәсіподақтар бір жеңнен қол шығарып, жұмыла жұмыс атқарып та кетті. Қысылтаяң шақта бір-бірімізге жанашырлық таныту, қамқор болу, бірлігімізді сақтау – әрбір азаматтың парызы. Алдағы уақытта қайырымдылық көмек өз жалғасын табатын болады. Қызметкерлер өз тарапынан қашанда еңбек адамының жанынан табылатын кәсіподақ ұйымына алғыстарын жеткізді.

© Didarbek.kz

Пікір жазу