Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » СОЛТҮСТІК АЙМАҚҚА КӨШКЕНДЕР

СОЛТҮСТІК АЙМАҚҚА КӨШКЕНДЕР

Жуырда Солтүстікке көшкен отбасылар дербес ауылшаруашылығы кооперативін құруды жоспарлап отыр. Ол үшін қарамақтарына 22 мың гектар егістік жер бөлініп берілді. Айта кетейік, қыркүйек айының аяғында Сарыағаш ауданынан 21 отбасы солтүстікке қоныс аударған болатын. Оған дейін шаруаның жайын білетін азаматтар Солтүстіктің Тимирязев, Мағжан Жұмабаев және Шал ақын аудандарына барып, ондағы ақуалды көріп қайтқан болатын. Жұмыс орындары мен жер жағдайына қанығып қайтқан тұрғындар тіпті сол сапарда біржола егін салатын жерін белгілеп, істейтін кәсібін де нақытылап келген болатын. Сарығаштықтардың мұндай шешімге баруына мемлекеттік қолдаулар түрткі болып отырғаны да жасырын емес. Оның үстіне биыл көктемде солтүстіктегі бірнеше облыстың өкілдері осында еңбек жәрмеңкесі өткізді. 636 кәсіпорын түстік өңірдің азаматтарына 1 мың 785 бос жұмыс орнын ұсынды. Арнайы сапар ұйымдастырып, еңбек нарығындағы жағдайымен танысып келуіне жағдай жасады.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев басқарма тарапынан түсіндіру жұмыстарының жалғасып жатқанын айтады. Насихаттау жұмыстарының арқасында қазір 200-300-ге жақын отбасы көшуге қызығушылық білдіріп отыр.

Бүгінге дейін еліміздің теріскейіне Оңтүстіктен 113 отбасы қоныс аударды. Бұл азаматтар қазір өңірдегі құрылыс, білім беру, ауыл шаруашылығы мен медицина саласында еңбек етіп жатыр. Тағы біразы жеке кәсіп ашып, тірлігін дөңгелентуге кіріскен. Енді олардың қатары сарыағаштық ағайынмен толыққалы жатыр. Айта кетейік, 2017 жылы Солтүстік өңірлердің мәліметіне сәйкес, республика бойынша 273 отбасы қоныс аударып келсе, оның 145 отбасы Оңтүстік Қазақстан облысынан қоныс аударды. Яғни, барлық қоныс аударған отбасылардың 53,1 немесе ҚР бекітілген квотаның 50,3 пайызы біздің облыстың үлесінде.

Өз тілшімізден

Пікір жазу