Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » Поштамызға келген хат еді…

Поштамызға келген хат еді…

«Уақыт» газетінің редакторына

ботқабет-1

«Уақыт» газетінің 23 наурыз 2017 жылғы санында «Ботабековтың обал-сауабы Бигалиевті ойландырмай ма?» деген мақала жарияланды.

Осы мақаланың авторы А.Сатыбалды Ботабековтің 7,6 жылға сотталғаны туралы жариялай келе, оның нақты қандай қылмыстар үшін сотты болғандығын толық ашып жазбай, тек өзіне қажетті немесе оқырманға қажетті ойды қалыптастыру үшін жеткілікті тұсынан үзінді алғандай әсер қалдырады.

Өйткені, мақалада: «Егізбаевқа ештеңе болған жоқ. Жазылған жайлар бойынша қызметінен алынбады. Қайта облыстың бас дәрігері болып, дәрежесі көтеріліп кетті», «Ботабеков қаншама жылды арқалап, қазір абақтыда отыр. Оның обал-сауабы, артында қалған отбасындағы балалары Бигалиевтің мазасын алмайды ма екен?» – деген сөз тіркестері қандай мақсатта жазылып отырғаны оқырманға да, өзгелерге де түсінікті.

Мақаланың кейіпкері Қ.Ботабек тек мақалада көрсетілген деректер бойынша ғана емес, бірнеше айыптаулармен сот алдында жауап берді. Оның ішінде, ауыр айыптаулардың бірі:

— өзгені пара беруге азғыру;

— сеніміне қиянат жасау арқылы, алаяқтықпен бөтеннің мүлкін ұрлау;

— және адамдар тобы болып лауазымды адамға пара бергені үшін сотты болды.

Демек, Қ.Ботабектің 7,6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына, айыпталған ең ауыр қылмысы үшін, яғни адамдар тобы болып пара бергені үшін сотталғанын мақала авторы оқырманнан бүркемелеп, өзінде ұстап қалып, «оның обал-сауабы мазаламайды ма?» деп, мақала авторы қылмыс жасаған Ботабектен емес, іске қатысушы өзге адамдардан сұрауын жөн деп санамаймын.

Сізді де, осымен келісесіз деп ойлаймын.

Өйткені, әрбір адам өзінің жасаған әрекеті үшін жауапты болып табылады.

Сондықтан, оқиғаның бір бөлігінен үзінді келтіріп, алайда түпкілікті тағайындалған жазаны мақалада баяндау, оқырмандар арасында осы үшін де 7,6 жылға соттайды ма деген орынды сұрақ туындайды және жоқ жерден сот төрелігіне деген сенімсіздік пайда болады.

Баяндалғандардың негізінде, Қ.Ботабектің тек маған қатысты мақала жариялағаны үшін ғана емес, өзге де ауыр қылмыстармен айыпталып, сол үшін сотты болғанын «Уақыт» газеті өз оқырмандарына жеткізгені жөн.

Ал, мақала авторының маған қойған сұрағына тоқталсам, М.Бигалиевті кәсіби білікті және өз мамандығының шебері ретінде білемін. Бигалиев тек біздің облыс, не Республика көлемінде емес, ТМД елдерінің арасында белгілі хирург болып табылады.

Бигалиев өзінің 30 жылдан астам еңбек өтілінде бір емес, көптеген адамның өміріне араша болған аты алтын әріптермен жазылатын хирург, онымен ешкімнің таласы жоқ, тіпті мақала авторының да Бигалиевтің облыстағы ең білікті дәрігерлердің алдыңғы сапында екендігін мойындауы қуантады.

Ізгі ниетпен, М.Егізбаев

Пікір жазу