Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Департамент пен Техникалық реттеу және метрология комитетінің қалалық департаментінің басшылығының екіжақты бастамасымен кездесу өтті.
Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылықтары және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланды.
Іс-шараға Департамент басшысы А.Жұмағали, оның бірінші орынбасары Т.Серікбаев, Техникалық реттеу және метрология комитетінің қалалық департаментінің басшысы Б.Есқараев және ұжымы қатысты.
Кездесуде қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістер кеңінен талқыланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық бастамаларды түсіндіру барысында жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жеке жауапкершілік нормаларын біле тұрып, алдын алу шараларын қолданбаған басшыларға қатысты жазаның қатаңдығы ескертілді.
Сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қолданыстағы заңнамада қарастырылған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиісті шаралар қабылдамайтын мемлекеттік органдардың басшылары мен лауазымды тұлғаларына әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануға уәкілетті екендігін жеткізді.
Шарада Техникалық реттеу және метрология комитетінің қалалық департаменті тарапынан ашықтықты қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстары тыңдалды.
Кездесу соңында адам бойындағы парасаттылық арқылы жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыруға бірлесе жұмыс жасағанда ғана жетуге болатындығы әңгімеленіп, ұжымда парасаттылық құндылықтарын дәріптеудің маңыздылығы талқыланды.

Пікір жазу