Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ

Нет описания фото.
«Шымкент қаласы және Түркістан облысы Автомобиль көлігі және жол мекемелері» жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «ШЫМКЕНТ-ТРАНСАГЕНТСВО» ЖШС және Ордабасы ауданындағы «АвтоНур» ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Али Агитұлы Кездесу барысында жұмыскерлерді мерекемен құттықтап, кәсіподақ жұмысындағы негізгі мәселе еңбек адамының құқын қорғау екенін, кәсіподақтар жұмыс орнындағы еңбек заңдылықтары мен қауіпсіздіктің сақталуын, өзекті мәселелердің оң бағытта шешілуін қамтамасыз етумен қатар басқа да еңбекке қатысты түйткілді жағдайларды басты назарда ұстайтынын жеткізді.
Сондай-ақ, кәсіподақ төрағасы коронавируске қарсы күресу және қорғану бағытында жұмысшыларға тегін медициналық бетперделер (маска) мен антисептиктер үлестіріп берді.
Бүгінгі таңда жұмысшылардың айлық жалақылары сәйкесінше төленіп, жұмыс орнындағы жағдайлары тиісті мамандар арқылы жедел түрде шешіледі. Бір де бір арыз қараусыз қалмайды.
Өз кезегінде, жұмысшылар кәсіподақ төрағасына алғысын айтып, жұмысшылардың мүддесін қорғауда кәсіподақ жұмысының ерекшелі зор екенін атап өтті.
© Didarbek.kz

Пікір жазу