Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » МӘСЕЛЕНІ БІРЛЕСЕ ШЕШПЕК

МӘСЕЛЕНІ БІРЛЕСЕ ШЕШПЕК

2021 жылы 28 сәуір күні Ынтымақ-2 елді мекенінің тұрғындары кәріз тазалау имаратынан жағымсыз иіс шығатыны жөнінде мәселе көтерген болатын. Осыған байланысты Абай ауданының әкімі, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы және «Су ресурстары және Маркетинг» ЖШС бас директоры бірлесе шешу жолдарын талқылады.
«Су ресурстары және Маркетинг» ЖШС басшысы А.Орман технологияға сәйкес кәріз тазалау ғимаратынан шығатын өңделмеген тұнба (сырой осадок) «Албасты сай» шұңқырына құйылатынын айтты. Тұрғындардың наразылығын ескере отырып, жағымсыз иісті болдырмау үшін заманауи технология әдістері қолданылатын болады. Нақтырақ айтсақ, өңделмеген тұнба құятын шұңқыр орны кәріз тазалау ғимаратының (КОС) батыс бөлігіне ауыстырылады. Аталған жұмыстардың ауқымдылығын ескеріп, 6 ай мерзімде, яғни жыл соңына дейін іске асырылатынын мәлімдеді.
Ал қосымша құбырдан аққан лас сулар бойынша Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков түсіндіріп өтті.
– Бұл мәселені тез арада шешу үшін жауапты мекемелерден арнайы комиссия құрып, зерделеу жұмыстары жүргізілетін болады. Шамамен 7 күн ішінде мәселенің мән-жайы анықталып, тиісті шаралар көріледі, – деді басқарма басшысы.
Тез арада арнайы комииссия құрылып, бекітілген комиссия мүшелерімен күнделікті тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының теңгеріміндегі ирригация құбырынан ешқандай да су ағып жатқан жоқ екендігі анықталды. Тексеру жұмыстары тәулігіне екі рет атқарылады Тексеру жұмыстарының толық нәтижесі алда қосымша хабарланады.

Пікір жазу