Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ЕСЕБІМІЗ ТҮГЕНДЕЛЕ ТҮСУДЕ…

ЕСЕБІМІЗ ТҮГЕНДЕЛЕ ТҮСУДЕ…

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өзі басқаратын өңірде тарихи ескерткіштерді зерттеу ісі қолға алынғанын айтты.

«Оңтүстік – ең алдымен тарихи ескеркіштер мен көне ғимараттар, мәдени ошақтар орны ең көп шоғырланған аймақ. Сонымен қатар, күллі қазақ тарихындағы хандар мен батырлардың, көптеген тарихи тұлғалардың жатқан жері. Осыған орай, рухани тұрғыдан жастарымыз арқылы халқымыздың кемел келешегі үшін көне тарихи ескерткіштерімізді мұқият зерттеп, зерделеу ісін Елбасы тапсырмасына сай қолға алудамыз. Сондықтан да біз зерттеу жұмыстарына орай түрлі конференциялар мен симпозиумдар өткізу арқылы рухани жаңғыру үдерісін жүргіземіз. Ұлт руханиятын осылайша жаңа тұрғыдан таныту еліміз үшін мәні зор жаңашылдық деп бағалануда. Сол себептен де, елімізге белгілі жазушылар мен тарихшылар, қайраткерлер мен ғалымдардың басын қосқан бірнеше жұмысшы топтар құрылып, өз қызметтеріне кірісуде. Олар ең алдымен көне тарихи ескерткіштерді тауып, зерттеуде. Содан кейін сол нысандарға тиісті инфрақұрылымдық шаралар ұйымдастыру арқылы танымдық, туристік саяхат жасау мәселелері қарастырылуда. Мысал үшін айта кетейін, мұндай сапарлар табиғаты тамаша, аңыз-әпсанасы ғажап Қазығұрт тауына немесе 1993 жылы Елбасымыз келіп ашып берген Ордабасы биігіне қатысты ұйымдастыру көзделуде. Өз кезегінде осындай сапарлар арқылы елдік тұрғыдағы мүддеміздің есебі түгенделе түсетіндігі сөзсіз» деді Жансейіт Түймебаев бүгін өткен Ұлттық сананы жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссиясынан кейін журналистерге берген қысқаша сұхбатында.

Нұрлыбек Досыбай, 
«Егемен Қазақстан«

Пікір жазу