Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ҰСТАЗДЫҢ ҰСТАНЫМЫ – 01

ҰСТАЗДЫҢ ҰСТАНЫМЫ – 01

ОҚО ұстаздары қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасына қатысты пікірлерін білдіруде.

Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру – бүгінгі қоғам талабы. Ақордада латын қарпіне қатысты жалпыхалықтық талқылаудың соңғы түктесін қойған жиынға Оңтүстік ұстаздары қолдау білдіріп отыр. Елбасымен кездесу барысында таныстырылған латын әліпбиінің соңғы үлгісіне өңірдегі білім саласының қызметкерлерінен бастап танымал қоғам белсенділері оң бағасын беруде.

Шымкент қалалық Білім бөлімінің басшысы Жанат ТӘЖИЕВА:

– Елбасының әрбір реформасы ел үшін де, өскелең ұрпақ үшінде маңызды болып келген. Бұл реттегі көтеріп отырған мәселе біз, ұстаздар үшін өте үлкен жауапкершілік деп білемін. Себебі жаңа қаріпті тек педагог мамандар ғана емес, оқушылар да жетік мегеріп алып кетуі қажет. Сондықтан алда жауапаты кезең тосып тұр. Оған біздің өңір толықтай дайын деп айта алар едім.

Ал, Ақорданың төрінде өткен алқалы жиында жаңа қаріптің соңғы үлгісін таныстырмас бұрын елбасы бұл – біздің қастерлі Тәуелсіздігіміздің жемісі екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, осы ретте бірегей жобаны іске асыру аясында Президент әкімшілігіне 300-ден астам үндеу мен ұсыныс келіп түскенін, әлеуметтік желілерде 1000-ға жуық тақырыптық жазба жарияланғанын алға тартты. Елбасының жолдауының аясында қарқын алған бұл жаңғыруға толықтай көшу 2025 жылға дейін меже қойылған. Естеріңізге салайық, соңғы латын әліпбиінде 32 қаріп таңбаланған. Жалпы, Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді қадамбар басталмақ. Ең бастысы түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуімізге латын тілі алтын көпір болмақ.

Өз тілшімізден

 

Пікір жазу