Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ШЫМКЕНТТЕ 90 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 90 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ

Шымкент қаласының 90 жастағы тұрғыны Қуаныш Әбдірахманов өз еркімен жергілікті тіркелген емханасына келіп, ковидке қарсы вакцина салдырды.
Бір ғасырға жуық өмір сүрген қария – Шымкент қаласының құрметті азаматы. Әлемдегі жағдайдан күнделікті хабардар болып отырған қарт кісі вакцина қабылдауды жөн көрген.
Екпеден алдын қарияны дәрігерлер тексеруден өткізген. Қарсы көрсетілімдер болмағандықтан, «Спутник-V» вакцинасының І-компонентін салып берді.
– Ойлана келе өз еркіммен вакцина вакцина салдыруға шешім қабылдадым. Біз вирусты осылай жеңеміз. Көпшілікке вакцинадан қорқудың қажеті жоқ екенін айтқым келеді, – дейді қария.
Айта кетейік, Қуаныш Әбдірахмановтың отбасы мүшелерінің барлығы ковидке қарсы екпе алған. 23-сәуір күні екпенің бірінші компонентін салдырған қария арада 21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін қабылдауы қажет.
Мамандар қала тұрғындарын өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, екпе алуға шақырады. Вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты.

Пікір жазу