Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ОТАНДЫҚ QAZVAK ВАКЦИНАСЫ ӨНДІРІСІНІҢ БАСТАЛАТЫН УАҚЫТЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

ОТАНДЫҚ QAZVAK ВАКЦИНАСЫ ӨНДІРІСІНІҢ БАСТАЛАТЫН УАҚЫТЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Коронавирусқа қарсы отандық QazVak вакцинасы өндірісінің басталатын уақыты белгілі болды. Оны ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Нұр-Сұлтан қалалық департаментінің басшысы Нұрлыбек Асылбеков жария етті.
«Отандық вакцина өндірісі Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институтында жүргізілетін болады және сәуір айының соңында вакцинаның 50 мың дозасы жеткізіледі деп күтіледі. Одан кейін ғылыми-зерттеу институтының мүмкіншілігіне қарай кестеге, өндірістік қуатына байланысты болады. Бұған қоса, қазіргі уақытта қосымша өндіріс бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр. Түркияның Atabay компаниямен QazVak вакцинасын шығару мүмкіншілігіне қатысты уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл процедура әлі аяқталған жоқ», — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта түркиялық компаниямен келіссөз жүргізілуде.
«Түркиядағы өндіріс ошағына субстанцияны беру және вакцинаның қажетті көлемін шығару бойынша технологиялық мәселелер зерделеніп жатыр. Бүгінде 100 пайыз келісім жоқ, мәселе пысықталу үстінде. Егжей-тегжейлі ақпаратты өкілетті органнан алу қажет», — деді Нұрлыбек Асылбеков.
Сондай-ақ спикер осы айдың соңында елімізге 500 мың доза шетелдік вакцина жеткізілілетінін мәлім етті.
«Бірқатар келіссөз процесі аяқталуға жақын. Олардың барлығы да өндірушілер тарапынан құпия ақпарат саналады. Сондықтан келісімшартқа қол қойылғаннан кейін біз ол жайында айта аламыз. Сәуірде Қазақстан Республикасына шетелдік вакцинаның 500 мыңға дейін дозасы жеткізуді жоспарлап отырмыз», — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Сонымен қатар ол бірқатар шетелдік өндірушіні атады.
«Қазіргі уақытта олар — Pfizer Biotek, Johnson&Johnson және «Синофарм» қытайлық вакцинасы. Келіссөз процесі баяу жүріп жатқан өзге де бірқатар компания бар. Олар өте үлкен компания екендігін, шешім жылдам қабылданбайтындығын түсіну қажет. Оның үстіне әлемде вакцина тапшылығы да бар», — деді Нұрлыбек Асылбеков.

Пікір жазу