Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » СТИПЕНДИЯСЫН СЫЙҒА ТАРТТЫ

СТИПЕНДИЯСЫН СЫЙҒА ТАРТТЫ

«Елім» дегенде ет жүрегі езіле қалатын азаматтарымыз баршылық. Олай деуімізге толықтай негіз бар. Елімізге танымал суретші Ерболат Төлепбай Төлеби ауданындағы орта мектептің оқуда озат, белсенді 20 оқушысына степендияны сыйға тартты.

Суретші өзі білім нәрімен сусындаған білім ордасынан озық ойлы, бәсекеге қабілетті азаматтың тәрбиеленіп шығуын шынайы тілейді. Сондықтан да,

осындай игі істі қолға алып отыр. Сонымен қатар, жомарт жан Тоқболат Тоғысбаев атындағы мектепті өз қаражатына күрделі жөндеуден де өткізді. Сурет өнерінің шебері осылайша Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында негізделген басымдықтарға үн қосып, іске асырып келеді. Жиырмаға жуық қылқалам шебері өмірге келген Тасарық ауылында Ерболат Төлепбайдың демеуімен жаңа мешіт салынған.

«Өзіміздің елге деген, Отанымызға, тәуелсіз мемлекетімізге деген үлесімізді білдіргіміз келді. Өзім туып өскен ауылда, өзім бітірген мектепке 20 адамға премия арнағанмын. Мектептің алдына елімізге белгілі қайраткер халық суретшісі Тоқболат Тоғысбаевтың мүсінін жасауға да атсалыстым», – дейді ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері Ерболат Төлепбай.

Өз тілшімізден

Пікір жазу