Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ЖАСТАР СЕЙІЛ ҚҰРДЫ

ЖАСТАР СЕЙІЛ ҚҰРДЫ

Шымкент қаласы «Абай» саябағында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі облыстық жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «АБАЙ ІЛІМІНЕ САЯХАТ» атты жастар сейілі өтті.

Іс-шара барысында облыс жастары ақынның қара сөздерін жатқа айтып, нақыл сөздерді Елбасы мақаласымен ұштастырды. Мақсат – Хакім Абайдың әлеміне тереңдеп барудың қажеттігі, ойшылдық мұрасын халық игілігіне пайдалану, жас буынның бойына мейірімділік, бауырмалдық қасиеттерді егу, Абайдың нақыл сөздері арқылы жастардың бойына білімге құштарлық, еңбексүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін ояту болатын.

Жастар ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп орындап, Абай іліміндегі маңызды сөздерге көпшіліктің назарын аударды. Ақын Абайдың ескерткішіне гүл қойып, құрмет көрсетті.

Абайдың даналық танымдары қоғамдық санамызға серпіліс әкеле алатын қуатты да шуақты идеологиялық құралымыз. Сондай-ақ, аталмыш іс-шарада мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу, сондай-ақ жастарды кітап оқуға баулу, көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің құндылығын таныту көзделгені белгілі.

Жалпы жастарымыздың бұл игі шарасы – құптарлық іс. Абайды тану, Абайды білу – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі екенін де мойындауымыз керек.

Өз тілшімізден

Пікір жазу