Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАҚТАРАЛДЫҢ ҮЛЕСІ ОРАСАН – 01

МАҚТАРАЛДЫҢ ҮЛЕСІ ОРАСАН – 01

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев іс-сапармен Мақтарал ауданына келіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай атсалысып, үлес қосып жүрген бірқатар өндіріс ошақтарын көріп, аудан кәсіпкерлері жасап жатқан ірі жобалармен танысты.

Ең алдымен, облыс басшысы Асықата кентіндегі «Ақ алтын» мақта зауытына аялдады. Құрылғанына жарты ғасыр толған Оңтүстіктегі іргелі кәсіпорынның ұжымы биыл 50 жылдығын атап өтуде. Жылына 60 000 тонна мақта шикізатын дайындап, оны ТМД мемлекеттеріне экспоррттайтын зауытта 265 адам жұмыспен қамтылған. Өңірдегі тұқымдық шиттiң 70-80 пайызын дәл осы кәсіпорын дайындайды. Корпорация иелiгiндегi 400 гектар жерге мақта, жүгерi, жоңышқа, тағы да басқа дақылдар егiлген, сондай-ақ, кәсіпорынға қарасты тауарлы-сүт фермасында 200 асыл тұқымды iрi қара мал өсiріледі. Айта кетейік, жұмысшылардың әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайын жақсарту, өмiр сүрулерiне барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында 50 жыл ішінде 100-ге тарта тұрғын үй салынған. Сонымен қатар, кәсіпорынның демеушілігімен 140 орынды балабақша бой көтердi. Қазiргi кезде Асықата кентіндегі «Зауыт» мөлтек ауданында 220-дан астам отбасы тұрады. Газ, ауыз су, жол т.б. коммуналдық мәселелер толық шешiлген.

Өз тілшімізден

Пікір жазу