Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАҚТАРАЛДЫҢ ҮЛЕСІ ОРАСАН – 05

МАҚТАРАЛДЫҢ ҮЛЕСІ ОРАСАН – 05

Ж.Түймебаевқа Мақтарал ауданының индустриялды аймағында іске асып жатқан жобалар туралы аудан әкімі Ғ.Исмаилов таныстырып өтті. Атап айтқанда, 2015 жылы іске қосылған «Береке» мақта зауыты, келер жылы іске қосылатын салы өңдеу зауыты, асфальт бетон зауыты, гигеналық заттар өндірісі, полиэтилен өндіріс зауыттары мыңдаған мақтаралдықтарды жұмыспен қамтымақ. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландырылған тігін цехтары, мал бордақылау алаңдары, күн сәулесінен электр қуатын өндіретін «KADI» компаниясының жобалары, гибридтік электр стансасын салу жобалары т.б. жобалардың іске асу барысы туралы аудан басшысы баяндады.

«Мақтарал ауданының облыс ауыл шаруашылығын дамытуға қосып отырған үлесі орасан. Осы ретте диқандар мен шаруаларға мемлекет тарапынан тиісті деңгейде қолдау білдіріліп отырғанын айта кетуге тиіспіз. Облысымыздағы шаруа қожалықтары кооператив боп бірігіп, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микро қаржы ұйымының қаржылай қолдауына ие болып, табыстарын еселеуге мүмкіндік алды», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Өз тілшімізден

Пікір жазу