Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗДІ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗДІ

Возможно, это изображение (2 человека и люди стоят)

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Берік Айдарбекұлы Бекжанов пен қалалық мәслихаттың депутаты, фракция мүшесі Жадыра Нағашыбайқызы Таңатарова және Nur Otan партиясы Қаратау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әбдез Рахманұлы Иманқұлов Төлеметов көшесінің бойында орналасқан «Gramad» супермаркетінде болып, азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізді. Атап айтсақ, сөредегі картоптың бір кг-ның бағасы 99 теңгеден басталады. Ең қымбаты 185 теңге. Пияздың 1 кг-ы 99 теңгеден сатылса, сәбіздің 1 килосы 275 теңге. Сондай-ақ, бір бөлке әлеуметтік нан қаладағы өзге дүкендерге қарағанда арзан болып шықты. Мұндағы баға 67 теңге. Басқа магазиндерге қарағанда 3 теңгеге арзан. Ұн, қанттың бағасы да тұрақты күйде.

Возможно, это изображение (текст «томаты розовые казахстан кг 299 морковь отборная казахстан кг 275 кабачки китай кг тг 135 199 255»)
Сондай-ақ, халық қалаулылары сатып алушылармен тілдесіп, азық-түлік бағаларының тұрақтануы бойынша пікірлерін тыңдады. Салтанат Орынбаева есімді азаматша осыдан бірнеше апта бұрынғы бағаға қарағанда әлдеқайда арзандағанын жеткізді. Дегенмен, аз да болсын қымбатшылық сезілетінін жасырмады. Сонымен қатар, Бекзат Бухашев есімді азамат құмшекердің бағасы бір жыл бұрынғы бағамен салыстырғанда 60 теңгеге қымбаттағанын айтты. Десек те, салыстырмалы түрде алғанда, 1 кг-ы 280 теңге сатылып отырған «Gramad» супермаркетіндегі баға қаладағы ең арзан орындардың бірі екенін жеткізді.
Айта кетейік, қала әкімдігі тарапынан жалпы тұрақтандыру қорына 4,7 миллиард теңге қаралған. Оның ішінде кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы 3,8 миллиард теңгеге айналымға қарыз қаражат беріліп, келісім-шарттар түзілген. Ал, ірі сауда желілерімен 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген бағада сатылып жатыр. Ірі сауда желілерінің қатарында «Gramad» (800 миллион теңге), «Фиркан» (300 миллион теңге), «Magnum Cash&Carry» (1 миллиард теңге) бар.
#deputatnurotan

 

© Didarbek.kz

Пікір жазу