Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ШАНИННІҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА – 01

ШАНИННІҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА – 01

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрымен бірлесе даңқты режиссер Ж.Шаниннің 125 жылдық мерей тойына арналған дөңгелек үстел өткізді.

«Ж.Шанин еңбектеріндегі этнографиялық құндылықтар» деген тақырыппен өткен алқақотан отырыста режиссер Ж.Шаниннің өмірі мен творчествосы, Қазақстанда театр өнерін қалыптастырудағы еңбегі мен оның шығармашылығындағы ұлттық ерекшеліктер, салт-дәстүр көріністерін биік деңгейде таныту, насихаттау жайы қамтылды.

Қазақтың алғашқы ұлттық театрының негізін қалаған режиссер, драматург Жұмат Шаниннің шығармашылығына арналған дөңгелек столды Салт-дәстүр және әдет-ғұрып орталығының директоры Жәнібек Тағаев жүргізіп отырды.

Алғашқы болып сөз алған Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, сексеннің сеңгіріндегі Мәжит Ілиясқаров ақсақал көрнекті театр қайраткерінің өмірбаяны жөнінен тереңірек толғады. Бүгінде 100-ге келген Қазақстанның халық әртісі Айша Абдулинаның талай рет Жұмат Шаниннің шығармашылығы жөнінде тағылымды әңгімелер айтқанын, қазақтың алғашқы кәсіби режиссері Асқар Тоқпановтың Жұмат Шаниннің үйінде ерке інісіндей болып өскенін, сүйікті шәкірті болғанын, Мәскеуге Шаниннің ықпалымен барып оқығанын тілге тиек етті.

Бақтияр Тайжан,
«Егемен Қазақстан» (мақаладан үзінді)

Пікір жазу